Қазақстанда кейінгі бір тәулікте 7899 адамның ПТР-тест қорытындысы оларға коронавирус жұққанын анықтаған. 128 науқас қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігі тағы 426 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылғанын, 30 адамның қайтыс болғанын хабарлады.
Коронавирус жұқтырғандар саны Алматы (1506), Нұр-Сұлтан (1493) қаласы мен Қарағанды облысында (1008) көп. "Жасыл аймақтағы" Түркістан облысынан басқа облыстар мен ірі қалалардың барлығы коронавирус қаупіне байланысты қазір "қызыл аймақта" тұр.
Елде індет басталғалы бері 626 412 адамның ПТР тесті оң шыққан.
7 тамыздағы мәлімет бойынша, елде 109 163 адам коронавирус инфекциясынан (–105 454 + және 3 709 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 29 961 пациент стационарда, 79 202 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 871 адамның жағдайы ауыр,
416 пациенттің жағдайы өте ауыр,
191 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Ал 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясы деген диагноз қойылғандар 62 990 адамға жетті. 3870-і көз жұмды.
Кейінгі мәлімет бойынша, Қазақстанда қазірге дейін 4,3 млн-нан астам адам вакцинаның екі компонентін алған, ал бірінші дозасын алғандар саны - 5,7 млн-ға жуықтады. Қазір елде негізінен ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac вакцинасын егіп жатыр.
Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет басталғалы бері әлемде 200 млн-нан астам адамға коронавирус жұққан, 4 млн адам қайтыс болған.
