13 мау, 2021 сағат 11:12

Коронавирус: 12 өңір - «жасыл аймақта»


Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 13 маусымдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Сары» аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.