Коронавируспен ауырған 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство 14 қазандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.
«Қазір коронавирус инфекциясынан 2 862 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 88 бала бар. Стационарларда 2 073 науқас жатыр. 789 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 79 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», делінген хабарламада.