23 қар, 2016 сағат 13:18

Қорғаушылар Илья Ильиннің атағы мен медалі үшін күресіп жатыр

- Бір топ қорғаушы ауыр атлет Илья Ильиннің Олимпиада ойындарындағы медальдары мен атағы үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бір топ қорғаушы спортшыны біліктілігінен айыру мерзімін жеңілдету үшін шара қолданады. Спортшыны біліктілігінен айыру туралы мерзім қандай болатынын жуық арада Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жария ететін болады», - деп хабарлады ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен.

Осы федерацияның бастамасымен құрылған адвокаттар тобы мен зертхана сараптамалары саласындағы мамандар бірнеше айдан бері Илья Ильиннің сараптамасын зерттеп келеді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ағзасынан тыйым салынған препараттардың ізі табылған 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алды. Халықаралық Олимпиадалық комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 94 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің «А» және «В» допинг сынамаларының қосымша тексеру қорытындысы бойынша қазақстандық спортшыны сол Ойындардан шеттетіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/korgaushylar-il-ya-il-innin-atagy-men-medali-ushin-kuresip-zhatyr_a2972568