18 жел, 2024 сағат 17:30

Қорғастағы әуежай кімнің есебінен салынады


Фото: Александр Павский/Kazinform


«Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық халықаралық орталығында әуежай салынады. Толығырақ Көлік министрінің орынбасары Мақсат Қалиақпаров айтып берді, деп хабарлайды Ult.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.


— Әуежай құрылысы толықтай жеке инвестордың есебінен жүзеге асырылады. Қаржыны Skyhanza компаниясы құяды. Бүгінде жобалық құжаттарды әзірлеу және жер учаскелерін ресімдеу жұмыстары жүріп жатыр. Барлық тиісті құжаттарды әзірлегеннен кейін алдымен бізден, содан соң мемлекеттік сараптамадан өтеді, — деді Мақсат Қалиақпаров елордада өткен «Көлік және логистика нарығы» VI халықаралық конференциясы және GLOBAL Avia DAY әуе тасымалдарын дамыту жөніндегі I халықаралық форумы барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.


Сондай-ақ, вице-министр әуежай уақтылы пайдалануға берілетінін айтып сендірді. 


Айта кетейік, биыл маусымда жекенің қолында кеткен Қорғастың терминалы мемлекетке қайтарылды. 


Еске салсақ, Қорғаста 27 шілдеден бастап багажды тасымалдау құны өзгерді.