20 ақп, 2025 сағат 11:26

Қорғаныс министрлігі Жеңістің 80 жылдығына арналған ресми логотипті таныстырды


Фото: Қорғаныс министрлігі 


Қорғаныс министрлігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ресми логотипті таныстырды.


Еске сала кетейік, үкімет Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге арналған кешенді жоспар әзірледі. Жоспарда қаңтар айынан бастап желтоқсанға көптеген шара енгізілген.


Ең маңыздысы - 7 мамырда болатын әскери парад. Бұл шара үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – тарихи кезең, екіншісі – заманауи кезең, үшінші кезеңі – әуе шеруі.


Әскери парадта жаңа техника көрсетіледі.