Сурет ашық дереккөзден алынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің қызметкерлері пара алды деген күдікпен ұстаған адам Қорғаныс ведомствосындағы жұмыстан шығарылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері пара алды деген күдікпен Қорғаныс министрлігі Ақпараттық технологиялар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қызметшіні ұстады. Аталған азамат бұған дейін қорғаныс ведомствосынан жұмыстан шығарылған.
ҚР ҚӘПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Әскер өмірінде жемқорлықты жою үшін Қорғаныс министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, кез келген жемқорлық құқықбұзушылығын болдырмау мақсатында жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді», - делінген хабарламада.