Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметін Сұлтан Қамалетдинов атқаратын болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Өкім мәтінінде.
Бұл ретте, Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Марат Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, Сұлтан Қамалетдинов 1965 жылғы 12 ақпанда Астрахан облысы, Володар ауданы, Зеленга ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Ташкенттегі жоғары командалық танк училищесін, 1997 жылы Бронды танк әскерлерінің әскери академиясын, 2010 жылы Ресей Қарулы күштері бас штабының әскери академиясын бітірген. Әскери шені – генерал-лейтенант (2020). Қазақ, орыс тілдерін жетік меңгерген.
• 1986-1989 жылдары Германиядағы Кеңес әскерлері тобы құрамының №58975 әскери бөлімінде әскери қызмет атқарды;
• 1989-1992 жылдары №73842 әскери бөлімінде түрлі лауазымда болды;
• 1992-1994 жылдары №25744 әскери бөлімінде түрлі қызмет атқарды;
• 1994-1997 жылдары Бронды танк әскерлері Әскери академиясының тыңдаушысы;
• 1997-2004 жылдары Қарулы күштер әскери бөлімдерінде басшылық лауазым атқарды;
• 2004-2006 жылдары – №31775 ә/б командирі;
• 2006-2006 жылдары – Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаментінің аға офицері;
• 2006-2007 жылдары – «Шығыс» Өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабы бастығының орынбасары;
• 2007-2008 жылдары – Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының (жауынгерлік даярлық бойынша) орынбасары, «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы;
• 2008-2010 жылдары – Ресей Қарулы күштері бас штабы әскери академиясының тыңдаушысы;
• 2010-2012 жылдары – Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы штаб бастығы;
• 2012-2013 жылдары – Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, «Астана» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы штаб бастығы;
• 2013-2016 жылдары – «Астана» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы;
• 2016-2017 жылдары – Бас штаб бастығы, Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары;
• 2017-2019 жылдары – Аймақтық қорғаныс бас басқармасының бастығы, Қарулы Күштердің аймақтық әскерлерінің бастығы және Қарулы күштер бас штабының аймақтық қорғаныс департаментінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.
• 2019-2021 жылдары – Тұңғыш президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы;
•2021 жылғы қарашадан бастап Қорғаныс министрінің орынбасары.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.