06 ақп, 2024 сағат 16:05

Қорғаныс министрі қайта тағайындалды

 

Фото: ҚР Ұлттық ұланы

 

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қайта тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды», — делінген Ақорданың ресми сайтына жарияланған құжатта.

Айта кетейік, Руслан Фатихұлы 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген.

Ол 2022 жылғы 19 қаңтардан қайта тағайындалғанға дейін – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.