07 ақп, 2019 сағат 10:54

«Қордай» өткізу бекеті жаңғыртылады - Сағынтаев

Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы «Қордай» өткізу бекеті жаңғыртылады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына берілген жауабында айтылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» өткізу бекетін жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жаңғырту жұмыстарын бастау ағымдағы жылдың соңына қарай жоспарланған», - деді Үімет басшысы.

Сонымен қатар Премьер-Министр қазақ-қырғыз шекарасындағы қалған алты бекеттің жаңғырту жұмыстарын қажет етпейтіндігін, көлік құралдары мен жолаушылардың үздіксіз ары-бері өтуін қамтамасыз ететіндігін атап өткен.