07 жел, 2021 сағат 11:08

Теңге бағамы нығая түсті


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 6 желтоқсан кешімен салыстырғанда 1, 43 теңгеге құлдырап, 1 доллар 434,44 теңге болды. Ұлттық банктің 7 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 435, 85 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 437, 83 теңге, сатып алу – 439, 66 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 436,17 теңгеден болса, сатып алу құны – 437, 96 теңге.