23 шіл, 2021 сағат 11:42

Қор нарығында доллар бағамы арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 22 шілде кешімен салыстырғанда 1,04 теңгеге арзандап, 1 доллар 424,66 теңге болды. 

Ұлттық банктің 23 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 425,71 теңге.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге динамикасына жақын арада әсер ететін негізгі факторлар мен оқиғалар, әлемдік экономиканың дамуы жөніндегі болжамдар туралы айтып берген болатын.