11 қар, 2020 сағат 08:49

Қор биржасында доллар арзандап, теңге нығайып келеді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Таңертеңгі сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 10 қарашаның кешімен салыстырғанда 1,61 теңгеге төмендеп, 1 доллар үшін 427,39 теңгені құраған. 

Ұлттық банктің 11 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 429,01 теңге. 

Айта кетейік теңге қор биржасында апта басынан бері нығайып келеді.