12 мау, 2021 сағат 17:58

Көпқабатты үйдің ауласында доп ойнаған оқушыны ұрған ақтөбелік ұсталды


Көпқабатты үйдің ауласында доп ойнаған оқушыны ұрған 32 жастағы ақтөбелік ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Полиция әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында көпқабатты үйдің ауласында ер адамның оқушыны ұрғанын анықтады. Ол өз автокөлігінің жанында доп ойнаған баланың жағасына жармасып, ұрып-соққан. 

«Учаскелік полиция инспекторлары оқиға қатысушысын анықтады. Ол осы үйдің 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті 9-сынып оқушысын ұрған. Бұзақылық фактісі бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.