«Шапағат» халықтық жобасы психолог Дармина Поповамен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал тобына арнайы тренинг өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Психологиялық тренингтің мақсаты - өмірдің қиындығына тап болған азаматтарды алға жетелеу. Оларды бәсекеге қабілетті болуына ұйытқы болады. Мұнда халықтың әлеуметтік осал тобына жататын және басқа санаттағы адамдарға заңгерлік, психологиялық көмек көрсетіледі. Тегін оқу курстары арқылы жаңа мамандықты игеруге мүмкіндік беріледі.
Кәсіби психолог жалғызбасты, көпбалалы және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарға өмір күрес екенін және күрескерлер ғана жеңімпаз болатынын түсіндірді.
«Осындай тренинг өткізу идеясы көптен бері ойымызда жүрді. Бізге келетін әйел адамдардың басым бөлігі өмірлерін өзгерткілері келеді. Олар бізден материалдық көмек емес, қиындықтан шығар жол көрсетуді сұрайды», – деді «Шапағат» халықтық жобасының жетекшісі Назгүл Мақжан.
Акция әйелдердің өздеріне деген сенімін арттыру арқылы оларды дағдарыстан шығаруды көздейді. Дармина Попованың сөзінше, барлығы қыз-келіншектердің өз қолында.
«Мұндай әйелдер айналасындағы адамдарға көмек көрсете алатындарын біледі. Бірақ жақсылық жасаудың жолын таппайды. Олар бала өсірумен және тәрбиелеумен ғана шектелмеуге тиіс. Әйел адамдардың осалы жоқ. Олардың жігерін жанып, үміті мен сенімін ояту керек. Бұл үшін іште жасырынып жатқан депрессияны жою қажет. Мәселені шешудің ең алғашқы қадамы осы», – деді Дармина Попова.