29 жел, 2022 сағат 15:36

Конституциялық соттың шешімін ешкім қарай алмайды - Әшімбаев

Сурет ашық дереккөзден алынды

Конституциялық Соттың шешімдері барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті болады, оларды ешкім қарай алмайды. Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

"Конституциялық Сот мемлекеттегі ең негізгі органдардың бірі. Егер адамдардың, журналистердің құқығы бұзылып жатса, осы сот тиісті шағымдарды қарайды. Конституциялық Соттың шешімін мемлекеттік органдар орындауға міндетті. Конституциялық Соттан жоғары ешқандай орган болмайды", - деді Сенат төрағасы.

Сонымен қатар, Әшімбаев Эльвира Әзімованың Конституциялық сот төрағасы болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді.

"Бүгін Конституциялық Соттың төрағасы қызметіне Эльвира Әбілхасымқызының тағайындалуына Сенат өзінің келісімін берді. Ол білікті маман ретінде танылды. Әділет министрлігінде және басқа да құрылымдарда ұзақ жылдар жұмыс істеген. Ешқашан дау-дамайға ілікке емес. Жаңа адамдардың жауапты лауазымдарға тағайындалуы аталған органның тиімді жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді деп сенеміз", - деді Әшімбаев.