24 қаң, 2021 сағат 13:50

Конькимен жүгіруден әлем кубогі: Екатерина Айдова кіші алтын еншіледі

Нидерландтың Херенвен қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінде Екатерина Айдова кіші алтынға қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

1000 метрге жарысудан «В» финалында сынға түскен Екатерина Айдова аталған қашықтықты 1 минут 15.750 секундта жүгіріп өткен. 

Ол былтырғы бәсекеге қатыспағандықтан, жаңа маусымды «В» тобында бастаған болатын. Бұл жеңісінен соң қазақстандық спортшы әлем кубогінің келесі кезеңінде «А» тобында сынға түсу құқығын алды.

Кешегі жарыс күнінде Екатерина Айдова 1500 метрге жарысудан кіші күміске иелік етті. 

Айта кетсек, әлем кубогінің келесі кезеңі де Херенвен қаласында өтеді.