10 сәу, 2020 сағат 21:44

Комитет өкілдері коронавирустан қайтыс болған дәрігердің туыстарына көңіл айтты

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ұжымы коронавирустан қайтыс болған дәрігерің туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз еу жөніндегі мемлекеттік комиссияның Жедел штабынан мәлім болды. 

«ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ұжымы «Абди Ибрахим Глобал Фарм «ЖШС-нің бас директоры Зиятхан Ахмедұлы Гасановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Ол алғашқылардың бірі болып медицина қызметкерлері мен қазақстандықтарға коронавирус инфекциясымен күресте көмектесіп, өкінішке орай, осы індеттің кесірінен көз жұмды.

Зиятхан Ахмедұлы өз ісінің шебері болды, ол еліміздің фармацевтика саласының дамуына зор үлесін қосты. Оған қоса, өзінің сырқаттанып жүргеніне қарамастан, жалпыға бірдей төнген қауіпке бей-жай қарамай, елімізге COVID-19 вирусымен күресте зор көмегін тигізді. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныш құралдарын тегін берді.

Жаны жайсаң азамат, әке, ұл, тамаша басшының өмірден озуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Зиятхан Ахмедұлының отбасымен және өзі құрған кәсіпорын ұжымымен орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Біз Қазақстанның лайықты азаматы туралы жақсы естеліктерді жүрегімізде сақтаймыз», - делінген хабарламада.