Витория Буэноның анасы оны алғаш рет балет сыныбына апарған кезде бес жасар қызы биді алып кете алар ма деп қатты уайымдаған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Қолсыз дүниеге келген Буэноның биші болу арманы еш орындалмайтындай көрінді. Әсіресе, Бразилияның ауылдық жерінде тұратын Виторияға бұл мүмкін еместей еді.
Бірақ қазір 16 жастағы ол өзінің туған қаласы Минас-Жерайстағы балет академиясына үнемі барып тұрады. Буэноның таланты оны әлеуметтік желінің жұлдызы етті және көптеген адамның шабытын оятты.
Жасыл мен ақ түстің үйлесімінде өз әріптестерімен бірге сахнамен тұтасып кеткендей билеген оны көргенде, ешкімнің қолсыз деп ойламасы анық.
«Маған тіпті олар мүлдем қажет емес сияқты», - дейді ол.
Виториа физиотерапевтің кеңесі бойынша балетпен айналыса бастады, ал ол жас Буэноның биге икемі барын байқаған.
Instagram-да 150 000-нан астам жазылушысы бар (@vihb_bailarina) Буэно басқаларға үлгі болуға тырысады.
«Біздің мүмкіндігіміз көп. Шектеулерімізді жеңіп, өз арманымызды орындауымыз керек», - дейді ол.