19 шіл, 2021 сағат 21:56

Көліктегі бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды



Көліктегі бас санитар дәрігер Жанар Оразалина су көлігі объектілерінде карантинді күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды.


Құжатқа сәйкес, "қызыл" аймақтағы теңізде, өзенде, көлде ойын-сауық және серуендеу-экскурсиялық іс-шаралар саласында қолданылатын су көлігін (катер, қайық, теплоход, паром, кеме, катамаран, су мотоциклі және тағы басқалар) пайдалануға тыйым салынады.


Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.


Еске сала кетейік, қазіргі уақытта "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.