Фото: depositphotos.com
Көлік прокурорлары автомобильдерді әкелудің «теріс схемаларын» анықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
2023 жылдың басында Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталды. Бұл процедураны қайда және қандай құжаттармен өткізуге болатындығы туралы егжей-тегжейлі Нұсқаулық бірнеше рет көпшілікке жеткізілді. Алымның бір реттік мөлшерлемесі 200 мың теңге көлемінде айқындалды. Алайда, көлік прокурорлары анықтағандай, қаскүнемдер бұл жағдайды Алматы қаласында, БҚО және ШҚО-да пайдаланған.
Ведомство мәліметінше, мемлекетке келтірілген алдын ала залал 400 млн теңгеден астам. Басқа аймақтарда тексеру жалғасып жатыр.
"Мәселен, биыл 13 сәуірде осындай жосықсыз азаматтардың бірі жалған құжаттарды, оның ішінде Қырғыз Республикасында көлік құралын тіркеу туралы 2021 жылғы куәлікті және сатып алу-сату шартын ұсына отырып, шетелден әкелінген «Toyota Highlander» маркалы машинаны қазақстандық есепке тіркеген.
Прокурорлар олардың нақтылығына мәліметтерді американдық сайттармен салыстыру арқылы көз жеткізді. Бұл аталған көліктің 2022 жылдың 12 қазанында «Copart» аукционында сатылғанын және 2023 жылдың сәуірінде елге әкелінгенін көрсетті.
Осы мән-жайларды жария етудің негізгі шарттары мен мерзімдері туралы біле отырып, жеке тұлғалардың 2 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік төлемдерді төлеуден жалтарған белгілерінің бар екендігін тікелей көрсетеді" - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, тек Алматы қаласы бойынша осыған ұқсас 160 факт анықталған.
"Көлік прокурорларымен мемлекетке келтірілген залалды өтеу және кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы мәселе қойылып, қадағалау актісі енгізілді.
Сонымен бірге, жиналған материалдар ҚР ҚК 195 және 361-баптары бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына жіберілді" - делінген хабарламада.