09 қар, 2020 сағат 12:34

Көлік ішінде қалған 2 млн теңгені жымқырған күдікті ұсталды

Келес АПБ кезекші бөліміне аудан тұрғыны гаражында тұрған автокөлік ішіндегі 2 миллион теңгесінің жоқтығын көріп бірден полиция бөліміне арызданған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркеп, бірден күдіктіні іздеуге кірісті. Қылмысты ашу мақсатында аудандық полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Келес АПБ қызметкерлері күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ұсталған азамат жәбірленушінің ауылдасы болып шықты. Тергеу барысында жігіттің бұдан бұрын басқа да жайттарға қатысы бар екендігі анықталды. Күдікті өз кінәсін мойындады, ол ұрлаған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта.