17 жел, 2019 сағат 16:54

Көлгінов: Бибігүл Төлегенова ұлттық опера өнерінің дамуына баға жетпес үлес қосты

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында әйгілі әнші Бибігүл Төлегеноваға ұзақ ғұмыр тіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«JYL ÁNI» музыкалық фестивалі Тәуелсіздік мерекесінің құрметіне және осы күнмен тұспа-тұс келген КСРО Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың 90 жылдық мерейтойына орай өтті. Халқымыз «Қазақтың бұлбұлы» деп атаған Бибігүл апамыз ұлттық опера өнерінің дамуына баға жетпес үлес қосты» делінен хабарламада.

Сондай-ақ, әкім жақында Президент Жарлығымен Бибігүл Ахметқызына бірінші дәрежелі «Барыс» ордені табыс етілгенін атап өтті.

«Жақында Президент Жарлығымен Бибігүл Ахметқызына бірінші дәрежелі »Барыс« ордені табыс етілді. Бибігүл Төлегенова өз өнерімен миллиондаған көрерменді тәнті еткен жарық жұлдызымыз! Апамыздың ғұмыры ұзақ болсын!» - деп түйіндеген сөзін.