25 қыр, 2020 сағат 11:10

Көлеңкелі экономиканы жою үшін не істеу керек?

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов көлеңкелі экономикамен күрес шараларын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Көлеңкелі экономиканы жою үшін қолма-қол қаражатты тоқтату керек. Барлығы банктік есепшоты арқылы жүргізіліп, тұтынушы мен кәсіпкер арасындағы қарым-қатынас тұрғысында карталық немесе цифрлық жүйеге көшуі қажет. Сондықтан бұл тұрғыда Ұлттық банктің де шешімі қабылданды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның сөзіне қарағанда, цифрландыру саласы көлеңкелі экономикаға тосқауыл қоюға ықпал етеді. 

«Бұл бағыттағы Үкіметтің жоспарын қолдаймыз. Біз де кәсіпкерлердің толық цифрлық тізіміне көшіп жатырмыз. Қазан айының аяғында съезд өтіп, онда нақты шараларды тыныстырамыз», - деді А. Мырзахметов.