11 қаз, 2020 сағат 15:34

Қоқыс алаңындағы аш пілдер суреті фотоконкурс жеңімпазы атанды

Тилахан Тармапалан түсірген Шри-Ланкадағы қоқыс алаңында тамақ іздеп жүрген аш пілдер табыны бейнеленген сурет Корольдік биологиялық қоғамының (RSB) фотосурет конкурсында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ВВС.

Онда Ампара округіндегі қорық маңайында тамақ іздеп, қоқыс алаңын кезіп жүрген аш пілдер түсірілген. 

Қалдықтармен уланған пілдердің ауруға шалдығуы және өлу жағдайларының жиіленуіне байланысты таяуда жергілікті билік орындары қорық маңайында қоқыс жинауға тыйым салған болатын.

Биылғы жылғы «Біздің өзгермелі әлем» атты конкурс тақырыбын барынша дәл ашқан деп есептеген төрешілер Тармапалан жұмысын ең үздік шығарма деп таныған.

Бұл жеңіс фотосуретшіге шамамен 1300 доллар сыйақы әкелді.