29 жел, 2025 сағат 17:31

Көктайғақ кезінде жолдарда тұздың орнына басқа материал қолданылады

Фото: ашық дереккөз

Экологиялық кодекске сәйкес, топыраққа, жасыл желекке және қалалық экожүйеге тигізетін теріс әсеріне байланысты елді мекендер аумағында қысқы тайғаққа қарсы күресте ас тұзын қолдануға тыйым салынады. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары атап өткендей, бүгінде бірыңғай базада көше-жол желісін қысқы күтіп-ұстауға арналған шамамен 5 отандық тайғаққа қарсы материал тіркелген. Олардың қатарында құрғақ та, сұйық та реагенттер бар. Маңыздысы – тіркелген материалдардың құрамында хлоридтер жоқ.