Көкшетауда алкоголь өнімдерін шығаратын жалған цех анықталып, 200 литр спирт тәркіленді.
Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 тамызда Көкшетау қаласының Гоголь көшесінде ер адамның алкоголь өнімдерін заңсыз сатумен айналысатыны туралы ақпарат түскен.
«Полиция қызметкерлері 16 тамызда айтылған мекенжайда алкоголь өнімдерін құю цехын анықтады. Жерасты цехын облыс орталығының 50 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Цехты тексеру барысында полиция 200 литр этил спиртін, 40 блок контрафак темекі өнімін және алкоголь құюға арналған арнайы ыдыстарды тапты», - деді ведомстводан.
Тәркіленген сұйық үлгілері сараптамаға, сондай-ақ тұтынушылар денсаулығына қауіптілігін анықтау тұрғысынан зерттеуге жіберілді. Материал Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.