ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Кеңес отырысының бірінші ортырысынан үш ай өткен соң ауқымды жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Бұл туралы ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz порталы.
«Ең алдымен Қоғамдық сенім кеңес мүшелері ұсынған барлық ұсыныстар жоспарға енгізілді. Бұл жоспарда 70-тен астам тармақ қарастырылған. Атап айтқанда, жұмыс үш бағытты қамтып отыр. Біріншіден, Президент Әкімшілігінің басшысы, Президент Әкімшілігінің орынбасары деңгейінде жұмыс жиналыстары өткізілді. Оған Ұлттық кеңес мүшелері мен мемлекеттік орган өкілдері қатысып, саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени салалар аясындағы реформалар бойынша жекелеген сұрақтарды қарастырды. Берілген сұрақтар бойынша жалпы жоғары деңгейде Ақордамен 1800 жұмыс жиналыс пен талқылау ұйымдастырылды», - деді ол.
Сондай-ақ, Е.Қарин Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың бірінші басшылар деңгейінде талқыланғанын айтты.
«Мемлекет басшысы Ұлттық кеңес мүшелерімен жеңе кездесулер өткізді. Бүгінге дейін осындай кездесудің 16-сы өтті. Бұл кездесулер одан әрі де жоспарланған. Жоспарға енген әр тармақ - Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың заңдық, экономикалық және халықаралық стандарттарына сай», - деді ол.