#
#
Сейсенбі 04/08/2020

ҚМДБ: Құрбан айттың бірінші күнінде 17 997 отбасыға ет таратылды

  • 31.07.2020
  • 0
  • 141

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) қоғам алдындағы негізгі 4 қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚМДБ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау, қауіпті індеттің алдын алу мақсатында WWW.QURBAN2020.KZ сайтын іске қосқан болатын. 

Жобаның мақсаты – қайырымдылыққа дәнекер болу, халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті сейілтуге үлес қосу, құрбан шалуға ниет білдірген жандарға карантин жағдайында оңтайлы жол ұсыну, т.б.

«Құрметті қауым!

WWW.QURBAN2020.KZ жобасы бойынша жүйелі есеп беріп тұратынымыз жайлы осыған дейін өздеріңізге хабарлағанымыздай, 2020 жылдың 31 шілдесі сағат 15:00-дегі мәлімет бойынша республика деңгейінде 3225 адам құрбандық шалуға тапсырыс берді. Бұдан бөлек 1000-нан астам адам Алла разылығы үшін қосымша құрбандық малын әкеліп тапсырды. Бүгін, яғни Құрбан айттың бірінші күнінде еліміз бойынша 4 700 мал шалынды. Оның ішінде қой – 4341, ірі қара – 274, ешкі – 83, түйе – 2. Бұған қоса 22 кәсіпорын мен мекемелер құрбандық малын тапсырды. Барлық мәліметті жинақтап айтқанда, еліміз бойынша 17 997 отбасыға құрбандық еті таратылды.

Қадірлі отандастар!

Халқымызда: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Баршаңыз шынайы ниетпен құрбан шалып, мұқтаж отбасыларға мерекелік қуаныш сыйлап, сауапты іске ортақтасып отырсыздар.

Аса Қамқор, Ерекше Кеңшілік Иесі болған Алла Тағала осы амалдарыңыздың сауабын арттырып, өз құзыретінде қабылдыққа жазғай. Сауабы мол қайырымдылық істің жақсылығы өздеріңізге еселеп қайтып, халықтың алғысы мен батасына бөлене беріңіздер. Көмек алған жандардың сіздерге жолдаған дұға-тілектері қабыл болғай. Жаратқан Жаббар Иеміз мерейлеріңізді үстем етіп, екі дүниенің нығметі мен құрметіне бөленуді нәсіп еткей. Әмин!»,-делінген хабарламада.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар