#
#
Сенбі 06/03/2021

ҚХЛ: Никита Михайлистің үш голы «Барысқа» жеңіс әперді

  • 17.01.2021
  • 0
  • 245

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында елордалық «Барыс» өз айдынында «Амур» (Хабаровск) командасын ұтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Шығыс конференциясында «Барыс» сегізінші орында тұрса, қарсыласы 10-сатыда еді. Плей-офф бәсекесіне жолдама алуға мүмкіндік беретін үздік сегіздікке ілігу үшін бұл матч қос команда үшін де маңызды болатын.

Осының алдында екі ойында жеңіліс тапқан Юрий Михайлистің шәкірттері айдынға тастүйін дайындықпен шықты. Әсіресе, Никита Михайлис екінші кезеңде командасын 2:0 есебімен алға шығарды. Бұл ретте Роман Старченко екі рет нәтижелі пас шығарды.

Үшінші кезеңде қонақтар Дмитрий Лугин мен Сергей Терещенконың мергендігі арқасында таразы басын теңестірді – 2:2. Дегенмен 48-минутта Н.Михайлис ойын нүктесін қойды.

Осы жеңістен кейін 51 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс тобында бұрынғыша 8-орында келеді.

Елордалықтар келесі кездесуін сырт айдында 19 қаңтар күні «Йокерит» командасымен өткізеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар