12 қар, 2020 сағат 22:22

ҚХЛ: «Барыс» «Нефтехимик» командасынан басым түсті

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін Ресейде Нижнекамск қаласының «Нефтехимик» командасымен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгінгі кездесуде елордалық хоккейшілер жинақы ойын көрсетті. Нәтижесінде алғашқы болып есеп ашты. Оны 2-минутта Линус Виддель өзінің еншісіне жазды. Ал 7-минутта таразы басы теңесті. Бұл сәтте ресейлік хоккейші Марат Хайруллин мергендігімен көзге түсті. 

Екінші кезеңінің 21-минутында елордалық Якоб Лилья тағы да қазақстандық команданы алға шығарды. Ойын барысында бұдан кейін гол соғылған жоқ. «Барыс» аталған қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

«Барыс» енді 15 қарашада елорадада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасын қабылдайды.