15 сәу, 2017 сағат 15:03

КХДР ядролық соғысқа ядролық соққымен жауап береді - Корей билігі

Корей Ұлттық армиясының вице-маршалы, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мүшесі Чхве Рен Хе КХДР-дың АҚШ бастаған ядролық соққысына ядролық қарумен жауап беретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды "РИА Новости"-ға сілтеме жасаған kaz.tengrinews.kz.

Сондай-ақ, Киодо агенттігінің мәліметінше, Чхве Рен Хе "ядролық қарудың америкалықтардың соққысын жаншып тастайтынын" мәлімдеген.

"Америка арандатушылық әрекеттер жасайтын болса, біз де тез арада оларды жаппай талқандаймыз, жаппай қырғын соғысқа жаппай қырғын соғыспен, ядролық соғысқа ядролық соққымен жауап береміз", - деді жоғары шенді Чхве Рен Хе.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Пхеньянда мемлекеттің негізін қалаған Ким Ир Сеннің 105 жылдық мерейтойына арналған шеру өтіп жатыр. Бұл күн Солтүстік Кореяда мемлекеттік басты мейрам болып саналады. Осы күнге орай Солтүстік Корея іс-шараға 200 шетелдік журналисті шақырған.

Еске сала кетейік, осыған дейін АҚШ-тың кезекті ядролық сынақтың алдын алу үшін Солтүстік Кореяның әскери нысандарына ескерту соққысын жасауы мүмкін екені айтылған болатын. Телеарнаның мәліметінше, АҚШ-тың барлау қызметі Пхеньян алдағы демалыс күндері кезекті ядролық сынақтар өткізеді деп есептейді. АҚШ "Томагавкы" бар әскери мина тасушыларын ядролық сынақтар өткізіледі делінген жерден 500 шақырым жерге орналастырылған.