Таразда Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары құқықтық мәдениет тақырыбын талқылады. Бүгінгі күннің негізгі мәселесі – құқықтық мәдениетті қалыптастыру екені жасырын емес. Осы орайда, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім КММ ұйымдастыруымен облыстық ҚХА «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысы және этномәдени бірлестік жастарына арналған «Жастардың нысаналы топтары арасында құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Көп ұлтты мемлекетте, этностар арасында құқықтық мәдениеттің қалыптасуы кезек-кезеңімен жүреді. Еліміз Тәуелсіздік алған отыз жылда бір шаңырақ астына сыйдырып отырған жүздеген ұлт өкілдерінің әрқайсының құқығын қорғап, өмірін сақтауға Ата Заңмен бекітіп, жағдай жасалған. Бұл туралы тараздық жастар да сөз етті.
«Бір мемлекетте түрлі ұлт өкілдері өмір сүріп отырғанымызбен, Заң бәрімізге ортақ. Біздің құқықығымыз Ата заңмен бекітілген. Конституция бар. Заң бар. Бізде жастардың көбісі Заңға мән бере бермейді. дегенмен әр адам, әр азамат өз құқығын білуі керек. Қандай жағдайда Заң қалай сөйлейді, оны да білу керек. Біз сондықтан да бүгін Жастардың нысаналы топтары арасында құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізіп отырмыз. Тақырыбы айтып тұрғандай, жастардың құқытық сауатылығын арттыруды мақсат етеміз», - деді Досхан Балажанұлы.
Аталған кездесуге Жамбыл облысы Әділет департаментінің бас маманы Ляззат Абишова, Жамбыл облысы заң консультанттары палатасының заң консультанты Светлана Кошелекова, «Азаматтық құқықтарды қорғау Комитетінің» басшысы Ирина Федорова, «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинеті менгерушісі, медиатор Валентина Досыбиева спикер ретінде шақырылды.
«Жастардың Заң тақырыбын қозғағаны қуантады. Қазір барлық жағдайда тек заңмен шешу қарастырылған. Көлік жүргізсеңіз де, үй алсаңыз да, жер сатсаңыз да, оқуға тапсырсаңыз да, біреумен сөзге келісіп қалсаңыз да... қандай жағдай болмасын, бәрі Заң жүзінде шешілетін дүние. Конституция әр азамат үшін құқық қорғайды. Ата Заң бәріміздің ортақ заңымыз. Заң маманы ретінде айтайын, бүгінгі қозғалып отырған тақырып жастардың ғана емес, барлық азаматтардың болашағы үшін маңызды деп ойлаймын», - деді Жамбыл облысы Әділет департаментінің бас маманы Ляззат Абишова.
Ал медиатор Валентина Досыбиева құқықтық сананы қалыптастыру туралы сөз етті. Оның айтуынша, өркениетті қоғам құқықтық мәдениетті қалыптастырудан бастау алады.
«Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде дамуы әрбір азамат бойына құқықтық құндылықтарды сіңіріп, құқықтық сананы қалыптастырудан көрініс береді. Өркениетті қоғам үшін қымбат қазына – адам, адамның бостандығы мен өмірі десек, бүгінгі жас ұрпақтың осы қымбат қазынаны бағалай білуі аса маңызды. Сол себептен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы да осыдан басталады», - деді Валентина Досыбиева.
Сонымен қатар, спикерлер құқық қорғау мамандары жастарға осы қағиданы қалыптастыру үшін жүйелі де мазмұнды тәрбие қажет екенің жастарға түсіндірді.
Естеріңізге сала кетейік, Таразда Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары құқықтық мәдениет тақырыбын талқылады. Бүгінгі күннің негізгі мәселесі – құқықтық мәдениетті қалыптастыру екені жасырын емес. Осы орайда, Жамбыл обылсы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім КММ ұйымдастыруымен облыстық ҚХА «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысы және этномәдени бірлестік жастарына арналған «Жастардың нысаналы топтары арасында құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.
