Еліміздегі қуаңшылыққа байланысты бірнеше өңірде малдардың қиындық көріп отырғаны рас. Оның ішінде Маңғыстау облысы да бар. Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері маңғыстаулық малшыларға көмек қолын созуда, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Елдегі қиын жағдай ешімге де оңай соғып отырған жоқ. Соған қарамастан батыстық еріктілер Маңғыстауда көктемнің құрғақ болуы салдарынан қуаңшылық орын алып, жергілікті малшылар қиын жағдайда «Маңғыстау облысына жем-шөппен көмектесейік» деген үндеу жасайды.
«Біз «Маңғыстау облысына жем-шөппен көмектесейік» деген үндеумен бірнеше этномәдени бірлестіктің төрағаларына бардық. Бір қуантарлығы бәрі де идеямызды қолдап, демеу беріп жатыр. Біз бір шаңырақ астында өмір сүріп отырған түрлі ұлттар болғанымызбен тұтас бір мемлекеттік азаматымыз. Егер осындай жағдайда үн қатпасақ азаматтығымызға сын деп білеміз. Алдағы уақытта маңғыстаулық малшыларға жеп-шөп жеткізіп, көмек қолымызды созамыз. Бұл үшін арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Ең бастысы еріктілер бәрін өз қолдарымен жасайды. Мен осындай қиын сәтте бір-бірін ұмытпаған азат елде өмір сүріп жатқаным үшін өте қуаныштымын. Бұл біздің бағымыз деп білемін. Ал әрдайым қолдау, демеу баршамыздың азаматтық борышымыз», - деді батыстық еріктілердің бірі.
Осылайша ойларын алдымен БҚО ҚХА «Достық» қазақ-вайнах жастары клубының төрағасының орынбасары Талғат Чудобаевқа жеткізді. Ол ұсынысты қуана қабыл алып, істің басы-қасында болуға уәде берді.
«Биыл елімізде қуаңшылық қатты болып жатыр ғой. Малға обал болды. Түркі халқы м алмен өмір сүрген, малдың орны ерекше. Дегенмен, бүгінгі жағдайда үнсіз қала алмайды екенсің. Менің ерекше мақтанып айтқым келіп отырғаны, өңіріміздің жастары қайырымдылыққа өте жақын, жомарт, мейірімді екен. Маңғыстауда осындай жағдай болып жатқанда, қалай тыныш жатамыз деп маған бір топ жас келген екен. Қуана қолдау білдіруге тырыстым. Ең бастысы, жастардың еңсесі түсіп қалмау керек. Мал-жанымыз аман болсын деген тілекпен, Маңғыстау облысына тонна-тонна жем-шөп жіберіп жатырмыз», - деді «Достық» қазақ-вайнах жастары клубының төрағасының орынбасары Талғат Чудобаев.
Осылайша, жастардың бастамасымен, Маңғыстау облысына 32 вагон шөп жіберілмек екен. Маңғыстауда көктемнің құрғақ болуы салдарынан қуаңшылық орын алып, жергілікті малшылар қиын жағдайда отыр. Бірнеше этномәдени бірлестіктің төрағалары жастардың мұндау үндеуіне бей-жай қарамай, міндетті түрде көмек көрсететінін жеткізді. Соның бірі – Флюра Миликеева.
«Жастардың осындай ізгі тірліктерін көргенде өте қатты қуандым. Және жастарға қолдау ретінде мен де өз ұсынысымды айттым. Маңғыстауға арналған шөпті тиеушілерге үш мезгіл ыстық тамағын дайындап, қамтамасыз етіп отырамын, бұйырса. Еліміздегі қуаңшылық оңай емес. Баршамыз қабырғамыз қайыса отырып, барынша қолымызды созуға тырысып жатырмыз. Еліміз тыныш, мал-жанымыз аман-есен болсын дейміз», - деді «Татар мәдени орталығы» этномәдени бірлестігінің басшысы Флюра Миликеева.
Маңғыстауда көктемнің құрғақ болуы салдарынан қуаңшылық орын алып, жергілікті малшылар қиын жағдайда отыр. Осы орайда Батыс Қазақстан облыстық шаруа қожалықтарының басшылары өз иелігіндегі жерлерден шөп шауып беретін болды. Нәтижесінде 12 вагон шөп жиналып, 20 вагонға шөп тиеліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері маңғыстаулық малшыларға көмек қолын созуда. Батыстық еріктілер Маңғыстауда көктемнің құрғақ болуы салдарынан қуаңшылық орын алып, жергілікті малшылар қиын жағдайда «Маңғыстау облысына жем-шөппен көмектесейік» деген үндеу жасайды. Жастардың бастамасымен, Маңғыстау облысына 32 вагон шөп жіберілмек. Бірнеше этномәдени бірлестіктің төрағалары жастардың мұндау үндеуіне бей-жай қарамай, міндетті түрде көмек көрсететінін жеткізді.
