26 шіл, 2021 сағат 17:40

Қиын жағдайға тап болған 3 мыңнан астам әйел дағдарыс орталығына жіберілді – ІІМ


Елімізде 3 мыңнам астам әйел дағдарыс орталығына жіберілді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл түрлі қиын жағдайда тап болған 3 мыңнан астам әйел дағдарыс орталығына жіберілді. Жалпы, орталық қызметін алғысы келген азаматшалар өз бетінше немесе тәртіп сақшылары арқылы жүгіне алады. Дағдарыс орталығы отбасылық зорлық-зомбылық көрген немесе өмірде түрлі қиындықтарға ұшыраған әйелдерге қол ұшын созуға дайын», - деді А. Милюк ІІМ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, бүгінде елімізде 49 дағдарыс орталығы жұмыс істеп тұр, оның 39-ның уақытша баспанасы бар. 

«Ел аумағындағы барлық дағдарыс орталықтарының тізімі мен байланыс телефондарын министрліктің және өңірлердегі полиция департаменттерінің ресми сайтынан табуға болады», - дейді ол.