03 ақп, 2021 сағат 15:54

Қиясов вакциналауға қатысты жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакцинаға қатысты тараған жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі уақытта БАҚ-та және әлеуметтік желілерде вакцинаның зияны туралы жалған ақпарат жиі тарай бастайды. Осыған орай, сіздерді ресми дерекөздердің ғана ақпаратына сенуге, медицина қызметкерлерінің ұсыныстарын ұстануға және жалған сарапшылар мен арандатушылардың ырқына ермеуге шақырамын», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. 

Оның атап өтуінше, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру және коронавирусқа шалдығу деңгейін төмендету үшін республиканың ересек тұрғындарының 50 пайыздан астамы вакцина салдыруы тиіс. 

«Вакцинация инфекциямен күрестегі тиімділігін сән мәрте дәлелдеп, оның тіркелу деңгейін нөлге дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бүгінде бұл инфекциядан қорғанудың ең тиімді шарасы болып тұр», - деді Ерлан Қиясов.