08 мам, 2025 сағат 17:07

Ким мен Турлов – Қазақстандағы ең бай адамдар

Коллаж: Ult.kz

Forbes Kazakhstan елдің ең бай бизнесмендерінің жаңа рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.

Рейтингтегі жалпы байлық көлемі – $57,5 млрд. Орташа жас – 55 жас. Орташа байлық мөлшері – $767 млн.

Қазақстанның 2025 жылғы ең бай 10 миллиардері:

1. Вячеслав Ким – $7,1 млрд (Kaspi, NASDAQ, Jusan Bank)

2. Тимур Турлов – $5,8 млрд (Freedom, инвестициялар, телеком, әуе саласы)

3. Владимир Ким – $5,7 млрд (Kazakhmys, металдар, Bank RBK)

4. Тимур Құлыбаев – $5,3 млрд (Halyk Bank, құрылыс, энергетика)

5. Динара Құлыбаева – $5,3 млрд (Halyk Bank-тің тең иесі)

6. Болат Өтемұратов – $3,7 млрд (ForteBank, Ritz-Carlton, Rixos, Narxoz)

7. Ибрагимовтар отбасы – $2,06 млрд (ERG, банктер, Италиядағы люкс-курорт)

8. Нұрлан Смағұлов – $990 млн (автобизнес, MEGA, MyCar)

9. Сәрсеновтар отбасы – $980 млн (Helios, цемент, жылжымайтын мүлік, банк)

10. Айдын Рахымбаев – $967 млн (BI Group, БАӘ мен АҚШ-тағы құрылыс жобалары).

Рейтингтегі жаңа есімдер:

— Арсен Томский (InDrive) – $850 млн

— Андрей Лаврентьев (Qarmet) – $840 млн

— Серік Қонақбаев – мұнай саласындағы бизнесмен ретінде тізімге алғаш рет кірді

— Тұрсынғали Алагөзов (Galanz Bottlers, Цесна-Астық, Шымкент сыра зауыты)

— Алидар Өтемұратов (DAR Team, Телеком, IT)

— Асқар Байтасов (Food Team)

— Нұрали Әлиев пен Дариға Назарбаева – қайтадан тізімде

Айта кетсек, Қазақстан әлемде долларлық миллионерлер санының ең жылдам өсуі бойынша үздік үш елдің қатарына кірді.