24 нау, 2023 сағат 10:33

Ким Чен Ын тақ мұрагерін таңдады - БАҚ

Фото: KCNA / Reuters

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын тақ мұрагеріне Ким Чжу Э есімді қызын таңдаған. Бұл туралы КХДР-дан қашып кеткен бұрынғы жоғары шенді дипломат Ко Ен Хван Newsweek-ке берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты ИноТВ-ға сілтеме жасап.

69 жастағы экс-дипломаттың айтуынша, "Хвасон-17" құрлықаралық баллистика зымыранының ұшыру алаңынан Ким Чен Ынның қызы түсірілген кадрлар жұрттың назарын аударған.

Ол қызды жұртқа таныстыру "биліктің берілуін меңзеу", сондай-ақ "қызын жақсы көретін және ұлттың болашағына қамқор болатын" әкенің бейнесін жасау мақсатында қабылданған шешім екенін болжады.

Еске салайық, бұған дейін БАҚ Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын қызын тақ мұрагері ретінде дайындап жатқанын жазғаны хабарланған болатын.