#
#
Сенбі 16/01/2021

«Киік» акциясы нәтижесінде 17 қылмыстық іс қозғалды – министрлік

  • 13.01.2021
  • 0
  • 225

Қазақстанда өткен жылдың 1-31 желтоқсаны аралығында өткізілген «Киік» кең ауқымды акциясы барысында 17 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен мәлім еткендей, «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторлары анықтаған 17 қылмыстық құқық бұзушылықтың 14-і киік дериваттарын заңсыз қолдану, 3-еуі сирек кездесетін жануарлар (арқар, қарақұйрық) түрінің заңсыз аулауға қатысты болды. 

Еске салсақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша («Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану») 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Браконьерлік жасау немесе оны жоспарлау фактісі туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 87776785252 шұғыл нөміріне хабарласуды сұраймыз», - деді министрліктен.

«Киік» акциясы – ақбөкендердің браконьерлігіне, олардың дериваттарын сатуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін анықтау және жолын кесу жұмыстарын күшейту мақсатындағы дәстүрлі шара.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар