2021 жылдың 26 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Шри-Ланка, Грузия, ҚХР, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 48 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.
5 551 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5 525 адам, анықтамасыз 26 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 26 рейс, 3 264 жолаушы, анықтамамен - 3 254, анықтамасыз - 10;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 259 жолаушы, анықтамамен - 1 245, анықтамасыз - 14;
Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, барлық 680 жолаушы анықтамамен келген;
Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 7 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 146 жолаушы анықтамамен келген;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 145 жолаушы, анықтамамен - 143, анықтамасыз - 2;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 150 жолаушы анықтамамен келген;
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 25 наурызында шетелден анықтамасыз келген 19 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Киев – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 26 наурызында Қырғыз Республикасынан ПТР анықтамасыз ұшып келген Қырғыз азаматы, Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.