11 қар, 2022 сағат 13:18

Киев Ресей және СССР-мен байланысты 11 көше атауын ауыстырды


Киев қалалық кеңесінің депутаттары Ресей немесе СССР-мен байланысты 11 көше атын ауыстырды, деп хабарлады Киев мэрі Виталий Кличко.

Шешімге сәйкес, төмендегі көшелердің аттары өзгерген:

  • Беломорская көшесі – Екатерины Гандзюк болып өзгертілді;
  • Магнитогорская – Яков Гнездовский көшесі болды;
  • Ломоносов – Юлия Здановская көшесі болды;
  • Северо-Сырецкая – Виктор Некрасов көшесі болды;
  • Еңбек бульвары – Иван Котляревский көшесі болды;
  • Генерал Карбышев – Ирина Бекешкина көшесі болды;
  • Челябинск – Пантелеймон Кулиш көшесі болды;
  • Николая Гастелло – Бусовогорская көшесі болды;
  • Мамин-Сибиряк – Вечевая көшесі болды;
  • Вали Котик – Венская көшесі болды;
  • Ижевская – Ижкарская көшесі болды.

"Астанада орыссыздандыру саясаты жүріп жатыр. Бұл маңызды. Әсіресе Ресей Украинаны жоюға тырысып, тағылық соғыс жүргізіп жатқан шақта маңыздылығы арта түседі. Басқыншы-елмен байланысты атаулар мен символдардан мәңгіге арылуымыз керек" деді мэр.

Қазан айында Киев кеңесі Украина астанасындағы 49 көше мен алаңның атын өзгерткен. Тамызда астанадағы 95 нысан жаңа атқа ие болды. Кличко сонымен бірге Украина астанасында Ресей мен совет тарихымен байланысты 204 нысан атауы ауыстырылғанын хабарлады. 

Киев кеңесінің хатшысы Владимир Бондаренконың айтуынша, сарапшылар комиссиясы қаладағы 296 нысанның атын өзгертуді дауысқа салған. Оның пікірінше, нысандарға жаңа ат берудің тарихи-ұлттық маңыздылығы бар.