Кибертехника ядролық және өзге де стратегиялық нысандарға қауіп төндіретін болады. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Астана клубының жалпы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мемлекет басшысы жаһандық қауіпсіздікке халықаралық терроризм мен экстремизм сес көрсетуін жалғастыра беретіндігін атап өтті. Терроризмді зерделеу және терроизмге қарсы әрекет консорциумының дерегіне сәйкес 1917 жылы әлемде шамамен 10 мың террористік акті орын алып, онда 26 мыңнан астам адамның қаза тапқанын еске салды.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті киберқауіпсіздік жаһандық тұрақтылықтың мүлдем жаңа өлшеміне айналатындығын баса айтты.
«Негізгі державалар арасындағы текетірес осы кеңістікке қарай ойысады. Таяу жылдары кибертехниканың көмегімен істен шығарылуы мүмкін ядролық және өзге де стратегиялық нысандардың қауіпсіздігі проблемасының өзектілігі арта түсетін болады. Қазірдің өзінде орын алған кибер шауылдар әлемдік жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына тең болғанын айтуда», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, Елбасы жиын барысында Үлкен Еуразияның сұлбасы қалыптасып келе жатқанын айтып, Ресей, АҚШ және Қытай арасындағы геосаяси бәсекелестікке алаңдаушылық танытты.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік державалар қарулану жарысына қайта оралуы мүмкін екендігін ескертті.