09 қар, 2020 сағат 09:44

Киберқылмысқа қарсы күрес: Бір аптада 155 заңбұзушылық анықталды

Ішкі істер министрлігі республика аумағында «Hi-tech» жедел алдын алу шараларын өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өткен аптада Ішкі істер министрлігі республика аумағында «Hi-tech» жедел алдын алу шараларын өткізді. Бұл шаралар киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтан ескерту, оларды әшкерелеуге бағытталған. Операция жүргізілген бірнеше күннің ішінде осы жағдайлар бойынша 155 заңбұзушылық тіркелді», - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің баспасөз мәслихатында

Оның айтуынша бұрын жасалған 161 қылмыстың беті ашылған. Олардың көбі интернет-алаяқтыққа қатысты оқиғалар. 

«Еркін айналымнан тыйым салынған мыңға тарта өнім тәркіленді. Олардың қатарында контракфактты дискілер, жазба жүргізуге арналған техникалық құрылғылар, лицензияланбаған бағдарламалық қамтамасыз ету құралдары бар», - деді ол.