05 мау, 2024 сағат 13:36

Храпунов заңсыз өткізіп жіберген 3 миллиард теңгенің ғимараты мемлекетке қайтарылды

Фото: qazpolit.org

Алматы прокуратурасы 3 миллиард теңгелік жедел медициналық көмек кешенін мемлекет меншілігіне қайтарып алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жыл 27 қарашадағы шешімімен мемлекеттік мүлікті жеке меншікке беру жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап-арыз қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Ауданы 3974 м2 және 50 сотық жері бар  кешенді бұрынғы әкім Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген.
25 сәуірден бастап мүлік жедел медициналық жәрдем қызметіне берілді. Енді қосымша қосалқы станция ашу жоспарланып жатыр.

Еске салсақ, 15 ақпанда Алматы қаласының прокуратурасы Алматы қаласының бұрынғы әкімі В. Храпунов шығарған жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігін қайтарып алған болатын.