07 мау, 2021 сағат 13:50

Хоккейден ӘЧ-2022: Қазақстан құрамасның қарсыластары анықталды


Шайбалы хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының ресми сайты Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өтетін әлем чемпионатына топтарды жариялады. 

Қазақстан құрамасы «А» тобында Канада, Ресей, Германия, Швейцария, Словакия, Дания және Италиямен Хельсинки қаласындағы мұзайдында шеберлік байқасады.

Ал В тобында Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Беларусь және Ұлыбритания күш сынасады. 

Дүбірлі дода 2022 жылы 13-29 мамыр аралығында сол елдің Хельсинки және Тампере қалаларында өткізіледі. Онда барлығы 16 құрама ойнайды. Алдағы жылы да биыл сынға түскен құрамалар қатысады. 

Коронавирус инфекциясына байланысты бірінші дивизиондағы іріктеу ойындары өткізілген жоқ. Сондықтан биыл әлем чемпионатының элиталық дивизионында ойнаған құрамалар толықтай орнын сақтап қалды.