30 мам, 2022 сағат 10:16

Хоккей: 2023 жылғы ӘЧ-да Қазақстан Канада және АҚШ құрамасымен бір топта болады


Шайбалы хоккейден элиталық дивизиондағы 2023 жылғы Әлем Чемпионаты Рига (Латвия) және Тампере (Финляндия) қаласында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Vesti.kz тілшісіне сілтеме жасап.

2023 жылғы әлем чемпионаты 12-28 мамыр аралығында Рига (Латвия) мен Тампереде (Финляндия) өтеді.

А тобына Финляндия, Швеция, Чехия, Германия, Дания, Франция, Аустрия және Венгрия кіреді.

В тобында Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия, Қазақстан және Словения бар.

Айта кетейік, Ресей мен Беларусь құрамалары 2023 жылғы әлем чемпионатынан шеттетілді.

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасы 16-орынға тұрақтады. Үздік бестіктегі командалар Олимпиададан кейінгі тәртіпте қалды.

Үздік 10 рейтинг:

1 (1). Финляндия - 4130 ұпай;

2 (2). Канада - 3990;

3 (3). Ресей - 3935;

4 (4). АҚШ - 3775;

5 (5). Швеция - 3675;

6 (7). Чехия - 3650;

7 (6). Швейцария - 3590;

8 (8). Словакия - 3590;

9 (9). Германия - 3555;

10 (10). Дания - 3335.

16 (15). Қазақстан - 2885