Қарағандының «Сарыарқа» командасы шайбалы хоккейден 2021 жылғы Қазақстан кубогының иегері атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қарағандылық команда финалда овертаймда Өскеменнің «Торпедо» командасын 2:1 есебімен жеңді. Қос клуб алғашқы екі кезеңде бір-бір шайбадан гол соқты. Үшінші кезеңде де таблодағы есеп өзгерген жоқ. Овертаймда қарағандылық хоккейшілер жеңіс шайбасын соғып кетті.
Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан кубогы 27 және 2 ақпан аралығында өтті. Командалар алдымен үш топқа бөлініп, сынға түсті. Әрбір топта жеңімпаз атанған Көкшетаудың «Арлан» және «Торпедо», «Сарыарқа» клубтары жартылай финалға бірден жолдама алды. Сондай-ақ, олардың қатарына екінші орын алған командалар арасында үздік көрсеткішке қол жеткізген «Алматы» клубы қосылды.
Жартылай финалда «Торпедо» «Алматыны» 3:2, «Сарыарқа» «Арланды» 3:1 есебімен сүріндірді.
Соңғы жылдарда Қазақстан кубогына Өскеменнің «Алтай-Торпедо», Петропавлдың «Құлагер» командалары ие болған.