Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф бәсекесінің бірінші кезеңінде «Барыс» «Металлург» (Магнитогорск) командасымен ойнайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Барыс» хоккей клубы мәлім еткеніндей, ҚХЛ тұрақты чемпиоантының қорытындысы бойынша елордалықтар Шығыс конференциясында алтыншы, «Металлург» үшінші орынға ие болды.
Осылайша Шығыс конференциясының ¼ финалында «Барыс» пен «Металлург» сериялық кездесулер өткізеді.
Алғашқы екі матч 2 және 4 наурызда Магнитогорскіде өтеді. Содан кейін қарсыластар елордада 6 және 8 наурызда тағы ойнайды.
Қажет болған жағдайда 10 наурызда «Металлург» - «Барыс», 12 наурызда «Барыс» - «Металлург» және 14-інде «Металлург» - «Барыс» кездесулері өтеді.
Серия төрт жеңіске дейін созылады. Яғни төрт жеңіске қол жеткізген команда келесі кезеңге жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» соңғы турда «Авангардқа» есе жібергенін жазған болатынбыз.