16 ақп, 2021 сағат 20:07

Хоккей: «Барыс» овертаймда «Авангардты» жеңді

Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 16 ақпанда өз айдынында «Авангард» (Омбы) командасын қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Екі команда бұған дейін 61 мәрте шеберлік байқасты. Оның 21-де «Барыс» басымдық танытса, қалғанында «Авангардтың» мерейі үстем болған. 

Биыл командалар бір-бірімен екі мәрте кездесті. Қарсыластар бір-бір мәртеден жеңіске жетті. Олар бүгінге дейін плей-офф кезеңіне шығып үлгерді. Ендігі кезекте турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып, өзіне ыңғайлы қарсыласқа жолығу міндеті алдарында тұр.

Бүгінгі кездесу тартысты өтті. Есепті 6-минутта «Барыс» хоккейшісі Әлихан Әсетов ашты. Оған 9-минутта ресейлік Рид Буше бір шайбамен жауап беріп, таразы басы теңесті. Ал 30-минутта Никита Михайлис елордалық клубты тағы да алға шығарды. Ойынның 59-минутында «Авангард» ойыншысы Корбан Найт таразы басын теңестіріп кетті. Осылайша кездесу овертаймға ұласты. Овертаймда Никита Михайлис жеңіс шайбасын соқты. Ойын 3:2 есебімен «Барыстың» басымдығымен аяқталды.

Енді «Барыс» 18 ақпанда елордада Ресейдің «Автомобилист» командасын қабылдайды.