07 қаз, 2020 сағат 14:32

Химия саласы бойынша биылғы Нобель сыйлығын кімдер алды?

Нобель сыйлығының химия бағыты бойынша 2020 жылғы лауреаттары - Эмманюэль Шарпантье мен Дженнифер Даудна, деп хабарлайды Euronews агенттігі.

Олар геномды редакциялау тәсілін ашқаны үшін осы марапатқа ие болды. Нобель комитетінің мәлімдемесінде биылғы сыйлық «өмірдің кодын өзгерткені үшін» берілгені айтылған. 

Шарпантье мен Даудна «генетикалық қайшы» деген атпен танымал CRISPR-Cas9 тәсілін ашқаны үшін сыйлыққа лайық деп танылған. 

Яғни, CRISPR ДНҚ тізбегін жасушаларға ақпарат беру және сақтау үшін пайдалануға болады. Осылайша оларды «бағдарламалап алуға» мүмкіндік бар. 

Бұл технология қазіргі уақытта ауыр дертті, оның ішінде онкологияны емдеуде пайдаланылады.